Мен үшін әрбір жұп, әрбір тұлға ерекше. Әрқайсысының өзіндік ешкімге айтылмаған құпиясы бар. Мен видеоларымда жасандылықсыз, жалған сюжетсіз, шынайы сезімдерді бере отырып сіздің тұлғалығыңызды, ерекшелігіңізді айқындап аша түскім келеді. Өмір сәттерден тұрады. Сол сәтте қандай шынайылық, қанша эмоция, ерекше атмосфера. Мен осы күйді бұзбай жеткізуге тырысамын.